Апісанне справы
Прыдоўцы Гаджы Гаджыеў падаў іск супраць журналісткі Натальі Садыковай за клевету. Праваабарончыя групы называюць гэта іскам тыпу SLAPP, накіраваным на тое, каб прымусіць яе замаўчаць яе расследаванне смерці яе мужа, Айдоса Садыкова.
Апісанне на мове арыгіналаRU • Арыгінал
Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Сілтеме көшірілді
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯСАТ
AZATTYQTV
ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ
ӘЛЕУМЕТ
ӘЛЕМ
АРНАЙЫ ЖОБАЛАР
Русский
ЖАЗЫЛЫҢЫЗ
Басқа тілдерде
РУС
LIVE
İздеу
ЖАҢАЛЫҚТАР
Freedom for Eurasia Гаджи Гаджиевтің журналист Наталья Садықоваға қарсы талап-арызын айыптады
5 мамыр 2026 жыл, 11:35
Бөлісу
VPN-сіз оқу
Журналист Наталья Садықова
4 мамырда Венада орналасқан Freedom for Eurasia ("Еуразия үшін еркіндік") адам құқығын қорғаушы коммерциялық емес ұйым кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің журналист Наталья Садықоваға қарсы "ар-намыс пен қадір-қасиетін қорғауды" сұрап берген талап-арызын айыптап мәлімдеме таратты.
Гаджиев 2024 жылы күйеуі Киевте қастандықпен өлтірілген Садықованы журналистік материалдарына бола сотқа берген. Садықова күйеуінің өлімінің жай-жапсарын баяндап, оған және жемқорлық дауына кәсіпкердің қатысы болуы мүмкін екенін жазған. 22 сәуірде Киевте өткен алғашқы сот отырысында істі қарау маусымға жылжытылған.
Freedom for Eurasia ұйымы бұл талап-арызды SLAPP деп – құқықтық процедураны бүркемеленген қысым құралына жатқызып, оның мақсаты ар-намысты қорғау емес, күйеуінің өліміне кінәлілерді іздеуді жалғастырып жатқан журналистің үнін өшіріп, діңкелетуді және қорқытып-үркітуді көздейді деп есептейді.
Ұйым талап-арыз иесі журналистің зерттеуінің нысанасы екенін және украиналық тергеу орындары материалдарында аталғанын SLAPP белгісіне жатқызады. Бұған қоса, арыз иесінің талаптары қоғамдық маңызы бар тақырып бойынша журналистік зерттеудің мәніне қатысты екеніне назар аударған.
Халықаралық ұйым Гаджиевтің Садықоваға қарсы арызын жеке оқшаулап қарастыруға болмайды, бұл – бұрыннан құжатталған трансұлттық қысым науқанына кіреді деп санайды.
Күйеуі қастандықпен өлтірілгеннен кейін Наталья Садықова, құқық қорғаушылардың айтуынша, бірқатар қауіп-қатерге тап болған: қазақстандық арнаулы қызметтер аңдуына түскен, цифрлық шабуылдарға ұшыраған, қорқытып-үркіткен хат-хабарлар алған және тергеуге тосқауыл қойылған – Қазақстан кісі өлтіру қылмысын тергеу ісінде ынтымақтастық танытудан, соның ішінде тергеу анықтаған азаматтардан жауап алудан бас тартқан, бұл құқық қорғаушылардың пікірінше, кінәлілердің жазасыз қалуына кепілдік береді.
Freedom for Eurasia Гаджиевтің арызын "осы қысым жүйесінің кезеті элементі" санайды.
"Қылмыстық істің өзегіндегі тақырыпты жариялағаны үшін журналисті жазалауға азаматтық талап-арызды пайдалану – әділеттілікті қуғын-сүргінмен саналы түрде араластырған және қауіпті әрекет", делінген Freedom for Eurasia мәлімдемесінде.
Халықаралық ұйым бұл істі заң үстемдігі тетіктері қуғындағы оппозициялық журналистерді қудалауға қолданылған трансұлттық қудалаудың классикалық үлгісі деп атаған.
"Қауіп-қатер аз кезде соттар қолданылады: бітіп болмайтын тыңдаулар, шығындарға батыру және діңкелететін психологиялық қысым – дәл осылардың өзі жазаға айналады. Саяси мақсатпен кісі өлтіруге байланысты аталып жүрген адам сот ісін қозғап, оны өлтірілген журналистің жесіріне қарсы бағыттаған кезде, оны паналатқан елдің сот жүйесі өзі қорғауға тиіс адамға қарсы қаруға айналады. Украина Айдос Садықовтың өлімін тергеуге дайын екенін көрсетті. Енді ол соттарының осындай қудалауды жалғастыруға пайдаланылуына жол бермес үшін сондай берік ұстанымын көрсетуі керек", деп санайды Freedom for Eurasia.
Құқық қорғаушы ұйым Гаджи Гаджиевтің Наталья Садықоваға қарсы берген талап-арызы бойынша қозғалған істі дереу тоқтатуды, Гаджиевті Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті қызметінен босатуды, Қазақстанмен байланысты құрылымдар мен жеке тұлғалар тарапынан төнетін қауіп деңгейіне сәйкес, Украинада Наталья Садықова мен оның балаларына сенімді қорғанышты қамтамасыз етуді, трансұлттық қуғын-сүргінді сот тетіктері арқылы жасаудың мысалы ретінде бұл іске еуропалық институттардың, адам құқықтары ұйымдарының және баспасөз еркіндігін қорғайтын құрылымдардың назарын аударуды және Қазақстанның Айдос Садықовтың өліміне қатысты анықталған күдіктілерді жауап алу мен экстрадициялауды қоса алғанда, Украина тергеуімен толық ынтымақтасуын талап еткен.
Freedom for Eurasia талабына ресми Астана әзірше жауап қатқан жоқ. Гаджи Гаджиевтің өзі осы күнге дейін халықаралық ұйымның мәлімдемесіне қатысты ашық пікір білдірген емес.
Сәуір айының аяғында қазақстандық кәсіпкер әрі Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Гаджи Гаджиев "Бәсе" жобасының негізін қалаушы журналист Наталья Садықоваға қарсы Киев сотына талап-арыз тапсырғаны белгілі болды. Ол Садықованы "жала жапты" деп айыптап, қастандықпен өлтірілген оппозициялық блогер Айдос Садықовтың өліміне өзінің еш қатысы жоғын мәлімдеген. Азаттық талап-арызға байланысты түсініктеме алу үшін Наталья Садықова мен Гаджи Гаджиевке хабарласқан.
Бизнесмен Гаджиев "Бәсе" арнасын неге сотқа берді?
width px height px
Auto240p360p480p720p1080p
No media source currently available
0:00
Auto
240p
360p
480p
720p
1080p
Жүктеп алу
Журналист Наталья Садықова – Киевте қастандықпен өлтірілген қазақстандық оппозициялық журналист Айдос Садықовтың жесірі және Қазақстанға аса танымал тәуелсіз медиалардың бірі – "Бәсе" YouTube-арнасының редакторы.
Ерлі-зайыпты Айдос пен Наталья Садықовтар балаларымен бірге Қазақстаннан кетіп, Украинада босқын мәртебесін алған. Сол елде олар YouTube арнасын құрып, Қазақстан билігін сынаған видеолар, деректер жариялады. Қазақстан билігі Наталья мен Айдос Садықовтарға іздеу жариялаған.
2024 жылғы шілде айында Киевте әйелімен бірге көлікте кетіп бара жатқан кезде басынан оқ тиген Айдос Садықов 13 күн ес-түссіз жатып, ауруханада қайтыс болған. Наталья Садықова күйеуінің қазасына Қазақстан билігін айыптап, оның өлімі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "пайдалы болды" деді. Астана кісі өлтіруге қатысы жоғын мәлімдеді.
Айдос Садықовтың өліміне күдікті ретінде Қазақстан азаматтары Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев деген азаматтар аталды.
Қазақстан азаматтары Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев Садықовтың өліміне күдікті ретінде танылды. Киев ол екеуі 2 маусымда Украина астанасына келгенін, жалға алынған пәтерде тұрғанын, Айдос Садықовты аңдығанын және "белгісіз адамнан" кісі өлтіру туралы алған тапсырысты орындауға дайындалғанын хабарлады. Кейінірек Қазақстан билігі Жақанбаев елге оралып, полицияға өз еркімен берілді деп мәлімдеді.
Былтыр көктемде Наталья Садықова "Республика" газетіне Қазақстан Алтай Жақанбаевты ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алып, қамаудан босатқанын айтты. Садықованың сөзінше, Қазақстан билігі Жақанбаев пен Қаратаевты қастандық әрекетімен байланыстыратын дәлелдер жоқ деген сылтаумен істі тергеуден бас тартқан. Биыл сәуірде Қазақстанның Бас прокуратурасы Айдос Садықовтың өліміне қатысты Азаттықтың сауалына берген жауабында "кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын" хабарлады, бірақ қосымша ақпарат бермеді.
Гаджи Гаджиев – Қазақстанда жүріп байыған дағыстандық кәсіпкер. 2024 жылы оның аты-жөні журналист Айдос Садықовтың өліміне байланысты аталған. Ал 2025 жылдың қыркүйегінде Украинаның "Миротворец" дерекқоры оны санкциялардан жалтаруға және Ресейдің Украинаға қарсы гибридті агрессиясына қатысы, сонымен бірге Ресей барлау қызметтерімен байланысы бар тұлға ретінде тізіміне қосқан.
Бөлісу
VPN-сіз оқу
Follow us
Принтерден шығару
Айдар
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАЛПЫ АРХИВ
ЖАЗЫЛЫҢЫЗ
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Хабарласыңыз
Біз туралы
Сайтымыз бұғатталса не істеу керек?
Азаттық қосымшалары
Қолдану шарттары
Форум ережелері
Жазылу
НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕР
Жаңалықтар
Қазақстан
Қазақтар - әлемде
Орталық Азия
Ресей
Қытай
Әлем
Азат Еуропа / Азаттық радиосы © 2026, Inc. | Барлық құқықтары қорғалған
SM